Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдық патриот азаматтарды марапаттады
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 маусым, 2024
- 481
Таразда өткен «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ерлік істері арқылы отансүйгіштікті дәріптеп жүрген белсенді азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыс әкімі өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, ел мүддесі үшін тер төгіп жүрген еңбек адамдарына шынайы алғысын жеткізді.
«Еңбек адамдарына құрмет көрсету біздің міндетіміз деп білемін. Өмірдің барлық саласында қалтықсыз қызмет етіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне табыс тілеймін», - деген облыс әкімі бірқатар азаматтарға «Құрмет» громатасы мен «Алғыс» хат табыс етті.
Осылайша, 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні орай, патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Анар Базарбайқызы бастаған бір топ азаматтар облыс әкімінің «Құрмет громатасы» мен «Алғыс» хатына ие болды.