сейсенбі, 26 қараша, 2024 9:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Облыс әкімі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті
ашық дереккөзі
Облыс әкімі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Имсталькон» Жамбыл металл конструкциялар зауытында және «Таразэнергоцентр» АҚ-да болып, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, басшыларының есебін тыңдады.

Облыс әкімі «Имсталькон» ЖМКЗ»-ның өндірістік нысандарымен танысып, олардың жұмысының маңыздылығын атап өтті. Зауыт өндірістік нысандарға, ғимараттарға, көпірлерге арналған металл конструкцияларын жасаумен айналысады. 2021 жылы зауыттың өнім көлемі 4334 миллион теңгені немесе 7415 тоннаны құраған«Имсталькон» ЖШС директоры Александр Бердник өндіріс халықаралық стандарт талаптарына сай екенін жеткізді.

Кәсіпорында 302 адам жұмыс жасайды. Жалақы уақытылы төленуде, мереке күндері қызметкерлерге сыйақы берілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысы 10 пайызға өсті.

Бағжан Әуесбекова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар