жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерін қабылдады

Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерін қабылдады
ашық дереккөзі
Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерін қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет қызметкерлерімен кездесті.  Сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, сондай-ақ Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етті.

Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басышсы өнер адамдарына үлкен құрметпен қарайтындығын баса айтты.

- Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын еліміз үшін рухани тірек ол – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Сіздер елдігіміздің басты нышаны – өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Төл әдебиетпен, мәдениетпен тәрбиеленген адам қашанда рухы биік, туған жерін, халқын сүйетін болады. Алдымен сіздерге елеулі еңбектеріңіз бен қазіргі кездегі белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Халқымыз қашанда өз мәдениеті мен өнеріне, әдебиетіне ерекше құрметпен қараған, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі өңірдегі мәдени-тарихи бағытта және туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Өз кезегінде сала ардагерлері мен қызметкерлері де орамды ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Басқосуда сазгер, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің музыкалық жетекшісі Сәрсенбек Бәкір, ақын, Байзақ аудандық әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінің әдіскері Қасқырбаев Нарбатыр, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері Ерсін Қалыбаева, Мәмбет Қожалиев, Жамбыл облыстық орыс драма театрының артисі Елена Козаченко, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Торғын Орыбаева, Балнұр Солтанбековаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісілері табысталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері мен өнер майталмандары «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталып, облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын алды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар