дүйсенбі, 9 маусым, 2025 7:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі «Түйте» каналының абаттандыру жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі «Түйте» каналының абаттандыру жұмыстарымен танысты
Жамбыл облысының әкімдігі
Ербол Қарашөкеев бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, каналдарды кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша тапсырма берді

«Ұлы дала» (15) шағынауданы мен «Бұрыл» алқабының арасын жалғап жатқан «Түйте» каналы абаттандырудан өтіп, жаңаша кейіпке енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев абаттандыру жұмысының нәтижесімен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы уақытқа жоспарланған «Үшбұлақ» және «Қарасу» каналдарын абаттандыру жобаларын таныстырды.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында жалпы ұзындығы 82 шақырымды құрайтын 8 ирригациялық канал бар екенін атап өтті. Бұл – қала инфрақұрылымының басты артықшылықтарының бірі саналады.

Өңір басшысы бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, каналдарды кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша тапсырма берді.

Аталған каналды абаттандыру аясында «СенімҚұрылысСервис» ЖШС ауқымды жұмыс атқарды.

Атап айтқанда, 1, 7 шақырым канал жағалауы абаттандырылып, 9,1 шақырым тротуар салынды. 13,5 мың шаршы метр аумаққа жабын төселіп, 11,3 мың шаршы метр жер көгалдандырылды.

Су арнасы аумағындағы оң өзгерістер тұрғындардың да көңілінен шыққан. Зейнеткер Шарапат Сайлаубаева бұл жұмыстарға ризашылығын білдірді.

– Бұрын бұл маңды қамыс басып, қараусыз күйде жататын. Қазір канал аумағы адам танымастай өзгеріп, қала тұрғындарының тынығып, серуендейтін сүйікті орнына айналды. Әсіресе кешкі уақытта демалып, замандастарымызбен әңгіме-дүкен құруға өте қолайлы, – деді ол тұрғындар атынан алғысын жеткізіп.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар