Облыс әкімі тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2025
- 191
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басқосуға өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуі, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануы арқау болды.
– Бұл жетістік – Сіздің табиғи талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіздің және өнерге деген сүйіспеншілігіңіздің айқын көрінісі. Қазақтың киелі айтыс өнерін жаңғыртып, ұлт руханиятының дамуына өз үніңізді қосып келе жатқаныңыз – ел мерейін асырар зор мақтаныш. Өнер мен білімді қатар ұштастырып, сөз өнерінің биік талаптарын меңгеріп келе жатқаныңыз – алдағы үлкен белестердің бастауы деп сенемін, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев Інжудің бойындағы дарынды танып, оны шыңдауға бағыт-бағдар берген ата-анасы мен ұстаздарына шынайы ризашылығын жеткізді.
Сонымен бірге жас түлекке шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






