Жамбыл жаңалықтар
Облыс прокуроры түзеу мекемесіндегілермен тілдесті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:08
- 84
Сапар барысында облыс прокуроры мекеменің қызметімен жан-жақты танысты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесіне Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтің жұмыс сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар барысында облыс прокуроры мекеменің қызметімен жан-жақты танысып, сотталғандарды ұстау жағдайын, белгіленген күн тәртібінің сақталуын, медициналық қызметтің көрсетілуін және тұрмыстық қамтамасыз ету деңгейін тексерді. Сондай-ақ еңбекке тарту, тәрбие жұмыстарының жүргізілуі және заңдылықтың сақталу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді жою және мекеме қызметін одан әрі жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.




