сенбі, 23 қараша, 2024 14:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыстың бас ветеринары И. Келлердің шағымы негізсіз екенін айтты

Облыстың бас ветеринары И. Келлердің шағымы негізсіз екенін айтты
ашық дереккөзі
Облыстың бас ветеринары И. Келлердің шағымы негізсіз екенін айтты

Жамбыл облысының ветеринария басқармасы «Ақтөс» қорының жетекшісі Ирина Келлердің шағымына жауап берді.

Ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, еріктінің бірнеше БАҚ-та жариялаған айыптауы негізсіз және дәлелденбеген.

– Келлер ханым жыл сайын үйсіз жануарларды ұстауға 22 миллион теңге жұмсалатынын айтыпты. Шын мәніде бұл қаржы қаңғыбас жануарларды аулау мен жоюды ұйымдастыруға бөлінген. Бұған жұмысшылардың жалақысы, арнайы киім, аулау құралдары, көлік және тұрмыстық шығындар кіреді, - деп түсіндірді Е. Жиенқұлов.

Ол үйсіз жануарларды күтіп-ұстауға бюджеттен қаражат қарастырылмағанын атап өтті.

– Питомниктің құрылысы айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді, бұл қазіргі кезде біз үшін қолжетімсіз. Сондықтан ішкі шығындардың қайта бөлу арқылы біз 70 итке арналған қараусыз жануарларды уақытша ұстайтын орынды жалдауға мәжбүр болдық. Бір айда мұнда 90-ға жуық жануар әкелінді, оның ішіндегі 16 итті Келлер ханым алды. Бұл факт тіркеу журналына белгіленді. И.Келлердің «мұнда бір жарым айда 6-7 ит жеткізілді» деген сөзі шындыққа жанаспайды, - дейді басқарма басшысы.

Ветеринария басқармасының басшысы жануарларды қорғаушылармен, оның ішінде Ирина Келлермен бірнеше рет кездесіп, өзекті мәселелерді талқылағанын атап өтті.

– Жеке әңгімесінде ол бірнеше рет жануарларды ақылы негізде ұстау бойынша қызметтерін ұсынды. Біз оның ұсынысын қарастыруға дайын едік. Кейінірек ол питомнигінің басқа жерге көшуіне байланысты одан бас тартты. Сондай-ақ, ол бізге жануарларды зарарсыздандыру және кастрациялау бойынша жеке ветеринарлық клиника қызметтерін жүктеді. Бірақ бұл үшін қаражат қарастырылмаған. Стерилизация процедурасы өте қымбат – 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Биыл біз тұрғындардың өтініші бойынша 8 мыңға жуық қаңғыбас жануарларды ауладық. Қанша қаражат қажет екенін елестетіп көріңіздерші? Бюджетте ол қарастырылмаған, – деп атап өтті Жиенқұлов.

– Біз волонтерлердің алаңдаушылығын жақсы түсінеміз, сондықтан біз қаңғыбас жануарларға қажетті және тиісті жағдайлар жасауға тырысамыз. Алайда, аулау – бұл біздің жұмысымыз, біз оны орындауымыз керек. Күн сайын бізге тараздықтардан аулауға қатысты 15-ке жуық өтініш келіп түседі. Қаңғыбас иттердің қабуы мен шабуылдары туралы көптеген хабарламалар келеді. Егер қаңғыбас жануарлар тым көбейіп кетсе, онда олардың адамдарға шабуылын айтпағанның өзінде, түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупі туындауы мүмкін, – деп түйіндеді ол.

 

Жамбыл облысының ветеринария басқармасы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар