жексенбі, 24 қараша, 2024 18:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыстық сот жаңа ғимаратқа көшті

Облыстық сот жаңа ғимаратқа көшті
ашық дереккөзі
Облыстық сот жаңа ғимаратқа көшті
Жамбыл облыстық сотының  жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық сот төрағасы Ербол Ахметжанов, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардаргерлері қатысты. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сот төрелігін жүзеге асыруға арналған жаңа нысанның ашылуын өңірдегі маңызды оқиға ретінде бағалады. Жаңа нысан 4 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы аумағы шамамен 8 мың шаршы метр. Онда фронт-офис, күту залы, 6 сот мәжіліс залы, медиатор, прокурор мен адвокаттарға арналған кабинеттер қарастырылған. Ғимарат алдында автокөлік тұрағы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар орнатылған, яғни, сот қызметкерлері мен сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдайлар жасалған.  Сот қызметкерлері жайлы, заманауи ғимаратта, жаңа техникаларды пайдалана отырып, жұмыс істеуі маңызды. - Сот жүйесі заман талабына сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде сот саласына айрықша көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалып, оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе, ақпараттық технологияның дамуы сіздерге де үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Халық үйден шықпай-ақ, арызын беріп, сот үдерісін бақылай алады. Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес жергілікті  билік қашанда бұл тұрғыда барынша жағдай жасауға мүдделі. Облыстық соттың тағылымды тарихы, өз орны қалыптасқан. Сала ардагерлерінің  табысты еңбегін сабақтастыра отырып, бүгінгі қызметкерлер де адалдық, туралық, заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып отыруы тиіс. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімінің арта түсуі үшін аса маңызды,- деді Бердібек Сапарбаев. Сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы (отставкадағы) судья Асылхан Дармұрзаев жаңа ғимараттың халық игілігі және заң үстемдігі үшін еңбек етуге жаңа серпін беретінін жеткізді. Келушілер жаңа ғимаратты аралап, сот ұжымының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы облыстық соттың судьялары Гүлнар Сыздықова мен Оспан Мамытбековке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыс етті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар