Жамбыл жаңалықтар
"Қол-аяғы скочталған қыз": Құзырлы орган азаптау дерегі бойынша тергеуді бастады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:37
- 85
Айта кетейік, аталған жағдайды журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жариялаған.
Таразда қамқоршыларының тарапынан қорлық көрді деген жағдайға байланысты құзырлы орган тергеуді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.






