жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қолтаңбалар қолдан жасалған»: Таразда 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты заңсыз игерілген

«Қолтаңбалар қолдан жасалған»: Таразда 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты заңсыз игерілген
Тараз қаласының прокуратурасы
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді

Тараз қаласының прокуратурасы «Т» ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.

Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.

- 02.07.2025 жылы Тараз қаласы прокуратурасының нұсқауымен бұл дерек ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша Тараз қаласы ПБ-ның СДТБТ-на тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде, 03.05.2025 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар