Жамбыл жаңалықтар
Қордайда «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлер саны артып келеді
- авторМағжан Орынбасар
- 31 қазан, 2024
- 249
Бұл бойынша аудандағы жылдық жоспар 897 адам болған
Қордай ауданында жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 287 азамат оқуын аяқтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бақыт Сақатовтың сөзінше, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы сомасы 140,3 млн теңге қаражат бөлінген.
- «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтардың сертификаттары 3 жылға дейін жарамды, осының салдарынан соңғы 2 жылда оқыған азаматтардың саны көп болуына байланысты биылғы жылы тек 287 азамат оқуға тіркелген. Қордай ауданы бойынша 26 269 аула тіркелген. Экономикалық белсенді 73 923 халықтың 70 588-ы жұмыспен қамтылған. Атап айтқанда: жалдамалы қызметкерлер саны – 34 529 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 36 059 адамды құрады,- деді аудан әкімінің орынбасары.
Шенеуніктің сөзінше, ауданда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4964 адам тартылып, жоспар 80,4 пайызға орындалған.
- 4184 адам жұмысқа орналастырылып 86,4% пайызға орындалды . Оның ішінде 2667 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып 80,8 пайызды құрады,- деді аудан әкімінің орынбасары.
«Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталған. Кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтерінде іске асырылған.
- Қазіргі таңда аудан бойынша 3,1 млрд. теңгеге 6016 бас МІҚ, 10879 бас қой және 405 бас жылқы сатып алынды. 4 өндірістік кооператив 25 техника мен құралжабдықтарын алып, 690 тұрғын жеке кәсібін жүргізді. 2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша 1,2 млрд. теңге көлемінде 171 жаңа жоба жинақталып, ауыл шаруашылық басқармасына ұсынылды. Қаражат бөлінген жағдайда 331 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Өздеріңізге белгілі күні кеше ауданымызда индустриалдық картадан тыс іске асып жатқан жобаның бірі өндірістік қуаттылығы тәулігіне 3500 тонна клинкер болатын «KORCEM» ЖШС-нің цемент өндіру бойынша технологиялық желісін салтанатты іске қосу шарасы өтті. Зауыт толығымен іске қосылған сәтте кәсіпорынның өндіріс және көлік-логистикалық учаскелерінде 600 адам жұмысқа орналасатын болады. Қазіргі таңда 438 адам жұмыс істейді,- деді Бақыт Сақатов.