жұма, 22 қараша, 2024 1:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қоштасуға тура келеді». Биыл Жамбылда бірқатар аудан әкімдері қызметінен кетуі мүмкін

«Қоштасуға тура келеді». Биыл Жамбылда бірқатар аудан әкімдері қызметінен кетуі мүмкін
Сурет: jambylinfo.kz
Бұл туралы әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде айтылды

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жиында бірқатар сала бойынша көрсеткішті төмендетіп алып, тиісті міндеттерін толық орындай алмай отырған аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды. Сонымен қатар, жыл ішінде олқылықтың орнын толтыра алмаса, қызметінен кетуіне тура келетінін қатаң ескертті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Биыл әр өңірдегі әкімге оңай соғып тұрған жоқ. Жыл басынан бері 6 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту бойынша атқарылған тірлік кейбір аудандарда төмен көрсеткішке ие екені анықталып отыр. 3 ауданда облыс әкімі тапсырған экономикалық аймақ құру жұмысы баяу жүріп жатыр. Ал, жалпы инвесторлармен кездесуін нәтижелі аяқтап, аймаққа пайда әкелген әкім некен-саяқ. Мысалы, жақында ғана Қытайға 3 кәсіпкерді ертіп барған Меркінің әкімі Жорабек Баубековтың әу бастағы мақсаты «жаңа идеялар» болған. Меркідегі кейбір саладағы көрсеткіштер де көңіл көншітпейді. Өнеркәсіп саласындағы өнім мен күткен нәтиженің арасы жырақта. Мұның себебін аудан әкімі Меркі қант зауытындағы өнімнің азаюымен байланыстырды.

«Меркі қант зауыты аудандағы өнеркәсіп өнімінде көп үлесі бар кәсіпорын. Бүгінгі күні 17 мың тонна балтамыр келді. 4-5 күні порттан тағы келуі керек»,- деді Жорабек Баубеков.

Сонымен қатар, жиында 6 айдың қорытындысымен көрсеткіштерді төмендетіп алған бірқатар әкімдердің жұмысын аймақ басшысы сынға алды. Міндетін толық орындай алмай отырған әкімдерге жыл ішінде салалардағы кемшілікті реттемесе, қызметімен қош айтысатынын қатаң ескертті.

«Жорабек Нұрменгенұлы, сіздің мәселеңізді 6 айдың қорытындысымен қараймыз. Егер көрсеткіштеріңіз орындалмайтын болса, сізбен қоштасуға тура келеді. Меркі заутының мәселесі Сізді құтқармайды. Сондай-ақ, барлық әкімдерге, оның ішінде Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының әкімдеріне де ескертемін. Халыққа берген уәделеріңіз орындалмайтын болса, көрсеткіштерге қол жеткізе алмасаңыздар, сіздер де жұмыстан кетесіздер»,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков өз міндетін нәтижелі орындамауына байланысты жұмысынан қуылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар