дүйсенбі, 30 наурыз, 2026 16:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды

Полиция мен тұрғындар арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды
Ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты – заң мен тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Тараз қаласындағы орталық Жеңіс саябағында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен біргеміз!» атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараны Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен тұрғындар қатысты.

Жиында Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев қоғамдық қауіпсіздік – барша азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері киберқылмыс, жол қауіпсіздігі және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.

Ашық диалог алаңында тұрғындар жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, бейнебақылау камераларының санын арттыру, аула ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Кездесу салауатты өмір салтын насихаттайтын велошерумен жалғасты. Мұндай форматтағы іс-шаралар қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыруға өз ықпалын тигізбек.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар