жексенбі, 24 қараша, 2024 18:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Б. Сапарбаев

Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Б. Сапарбаев
ашық дереккөзі
Президент Жолдауын жүзеге асыруға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды – Б. Сапарбаев
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар мен бастамалардың жүзеге асу жоспары және барысы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де түрлі еңбек ұжымдары, жастар, қоғам өкілдері, қарапайым тұрғындармен кездесіп, Жолдаудың маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделгенін айтып, одан туындайтын міндеттемелерге тоқталуда. Бұл жолы аймақ басшысы Тараз қаласындағы №22 орта мектепте қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндап, олардың өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Кездесуге ҚР Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов және облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты.
- Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша облыста 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. 130 мүшесі бар бұл топтарға негізінен қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам белсенділері,  БАҚ өкілдері енді. Олар қала, аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдауда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында көппартиялы жүйені  жетілдіру, мәжіліс пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, биліктің халықпен кері байланысын нығайтуға айрықша назар аударды. Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдарға да жүктелетін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Соңғы сайлауда облыстағы мәслихат депутаттары  85 пайызға жаңарды. Олардың құрамында облыста қазір филиалдары жұмыс істейтін  5 партияның да өкілдері бар. Халықтың талабына сәйкес Қоғамдық кеңестердің де құрамы айтарлықтай өзгеруде. Біз «Қаңтар оқиғасынан» кейін өңірде «Қоғамдық  қабылдау»  тобын құрдық, оған қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және тағы басқалар енді. Олар аудан, ауылдардағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтап, тиімді шешілуіне жұмыс істеуде. Топ жұмысының алғашқы нәтижелері көңіл көншітеді. Әсіресе, «Қоғамдық қабылдау» тобы «Қаңтар оқиғасынан» кейін түсіндіру, ақпараттық жұмыстармен жүйелі түрде айналысуда. Бұл бағыттағы шаралар жалғасатын болады, - деді Б. Сапарбаев.
Атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталған аймақ басшысы өткен жылы облыстың экономикалық өсімі 105,8 пайызды құрағанын атап өтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша қолға алынған шараларды тілге тиек етті. Жалпы, бүгінгі таңда облыс аумағында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 4,1 мың тонна қоры қалыптасқан және 100-ге жуық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылған.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналған. Атап айтсақ, «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 157 мың түлектің демеушілігімен облыс аумағында 8,8 млрд. теңгеге 393 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ал, ата-баба дәстүрін жаңғыртқан «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020 жылы 99 үй, былтыр (2021 ж.) 134 үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы салынатын үйлердің саны 134-тен кем болмайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Таразға тарту» жобасы бойынша өткен жылы облыс орталығында 2,1 млрд.теңгеге 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Ол биыл да жалғасын табады. Одан бөлек, осы жылы «Жаңғырған Жаңатас» жобасы қолға алынады. Осылайша, тек облыс орталығын ғана емес, шағын қалалалар мен аудан орталықтарының да шырайын арттыруды көздеп отырмыз. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд.теңгеге демеушілер қаражаты есебінен облыс орталығында 10 əлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді, - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қалада атқарылып жатқан ілкімді шаруалар мен жоспарлы жобаларға қысқаша тоқталды. Шаһар басшысы бұған дейін №4 аумақтық округтің тұрғындарымен өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің шешілу барысын жеткізді. Бұдан соң түрлі өзекті сауалдарын жолдаған тұрғындарға жауаптар берілді. Жиынды қорытындылыған Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы міндеттерді  орындауға әрбір азаматтың атсалысуы маңызды екенін баса айтты. Кездесуден соң облыс әкімінің аумақтық округ тырғындарын жеке қабылдауы өтті. Онда көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында шешілмек. Аймақ басшысы Мемлекеттік инспектормен бірге №22 мектепті аралап, былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа оқу ордасының жай-күйімен, жұмысымен танысты.

29

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар