сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент жолдауына пікір: Әскерге барғандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек

Президент жолдауына пікір: Әскерге барғандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек
фото - ашық дереккөзден
Жолдауда мемлекет басшысы ел ішіндегі елеулі мәселелерді атап өтті

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Қадралиев Президент Жолдауындағы тезистерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Жолдауыда атап өткендей, АЭС бойынша референдум 6-қазанда өтеді. Мемлекет басшысы әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанына ерекше тоқталып өтіп, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан болашаққа қадам жасауы керек. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры маңызды науқанда жастар белсенділік танытатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Президент әскердегі сарбаздардың қауіпсіздігі өзекті мәселе екендігін айтқан. Айбек Қадралиев «бұл көптеген қазақстандықтардың күмәнін сейілтті» дейді. 

-    Президенттің әскерге кеткен сарбаздар бойынша жолдауында айтқаны көңілге қонымды болды. Әсіресе, «әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» деп атап өткені көптеген қазақстандықтардың әскерге деген күмәнін сейілтті. Әскерге барғандар аман қайтуы тиіс. Бұл жастардың үні. Жалпы әскерге баратындар болсын, жалпы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шараларды қолға алудамыз,- деді Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Қадралиев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар