сенбі, 23 қараша, 2024 23:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

QazVac дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды

QazVac дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды
ашық дереккөзі
QazVac дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды
Алдағы қазан айынан бастап отандық QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
«QazVac-тың дельта штамымен күрестегі қауқарына жүргізілген зерттеу нәтижесі отандық вакцинаның тиімді екенін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) ухань коронавирусының штамын дельтаға бейімдеу және ауыстыру бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қазан айында бүкіл QazVac вакцинасы дельта штамымен шығарылады. Ал Eta штамы бойынша бүгінде аталған институт патологиялық материалдар алды және 2 апта ішінде штамм бойынша зерттеу жасау жоспарланып отыр. Содан кейін аталған штамға қатысты QazVac тиімділігін сынау жұмысы жүргізіледі», деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, елге келген коронавирус штамдарын зерттеп, онымен күресу мәселесі үнемі бақылауда.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар