дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әр итке 5 мың теңге». Жамбылда жабайы иттерді кастрациялаудың бағасы қанша

«Әр итке 5 мың теңге». Жамбылда жабайы иттерді кастрациялаудың бағасы қанша
Коллаж: jambylinfo.kz
Жамбыл ауданында жыл басынан бері 817 ит-мысық ұсталған

«Жамбыл облысының ветеринариялық қызметі» Жамбыл аудандық бөлімнің басшысы жабайы иттер қанша теңгеге кастрацияланатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Төрехан Қойлыбаевтың сөзінше, қаңғыбас иттердің әрбірін кастрациялау үшін мемлекет тарапынан 5 мың теңге бөлінеді. Өткен жылы Жамбыл ауданында 131 ит ауланса, оның 55-і чиптелген. Сонымен қатар, 49 бұралқы піштірілсе, 27 ит стерилизациядан өткен. Осы орайда маман стерилизация мен кастрацияның айырмашылығына тоқталды.

«Стерилизация ұрғашы итке жасалатын шара болса, кастрация төбетіне жасалатын піштіру процесі. Айта кететіні, стерилизация, кастрация жасалған иттер ұсталған аумағына қайта жіберіледі»,- деді «Жамбыл облысының ветеринариялық қызметі» Жамбыл аудандық бөлімнің басшысы.

Сондай-ақ маман биыл ауданда 817 ит-мысық ұсталып, жойылғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңы аясында, ит аулау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда « iKomek109 » диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес, биыл 817 бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар  ауланды. Жамбыл ауданы, Аса ауылы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп - ұстауға арналған орынының құрылысы аяқталып жұмыс жүргізілуде. 28 ит, күшік  уақытша ұстау орнына қойылып  залалсыздандырылды»,- дейді Төрехан Қойлыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Таразда қаңғыбас иттерді қамайтын орынға 40 млн теңге қарастырылғанын жазғамыз. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар