жексенбі, 15 наурыз, 2026 16:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Референдумда 101 жастағы қария дауыс берді

Референдумда 101 жастағы қария дауыс берді
Фото - ашық дереккөз
Ғасыр жасаған кейуана ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Тараз қаласының 101 жастағы тұрғыны Разия Әділова республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаладағы №42 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Разия Әділованың өтініші негізінде оның үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды. 

Ғасыр жасаған кейуана ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Кейуана елдің тұрақтылығы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Айта кетейік, денсаулығына немесе жасына байланысты учаскеге бара алмайтын азаматтар үшін заңға сәйкес үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар