сәрсенбі, 27 қараша, 2024 11:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ревакцинация – індеттен сақтанудың негізгі жолы

Ревакцинация – індеттен сақтанудың негізгі жолы
ашық дереккөзі
Ревакцинация – індеттен сақтанудың негізгі жолы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте тұрғындарды ревакцинациялау мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерді «Pfizer» екпесімен қамту   шараларын жеделдетуді тапсырды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі эпидемологиялық жағдай тұрақты екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 20 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығындаауырған адамдардың саны айтарлықтай азайған. Облыс бойынша аурушаңдықкөрсеткіші 49 пайызға төмендеген.

Жалпы қазіргі таңдағы ең үлкен мәселе – балалар мен жүкті әйелдер арасындағы аурушаңдықты төмендету. Пандемия басталғалы өңірде 985 жүкті әйелдің бойынан індет белгісі анықталған. Стационарлық емдеу мекемесінде 3 жүкті әйел ем қабылдаудаЖағдайы тұрақты. Жаңадан пайда болған «омикрон» штамынан қауіп төне қалған жағдайда, дайындалған төсек қоры жеткілікті,-дейді Ә.Қалиев.

Тұрғындарға екпе салу жұмысының бірінші кезеңі аяқталды деген басқарма басшысыендігі 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің «Pfizer» вакцинасымен қамтылу барысынревакцинацияға сәйкес вакцинаның 2 турын алған тұрғындардың жайын жан-жақты баяндады.

Әсет Қалиев «Pfizer» вакцинасымен қамтылу деңгейі Тараз қаласы мен Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Шу аудандарында төмен екенін, облыс бойынша 22 мың 286 тұрғын ревакцинациялаудан өткенін, пайыздық қамтылу деңгейі 21,8 пайызды құрағанын тілге тиек етті.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мобильдік топтардың жұмысына тоқталды.

Облыс әкімі өзінің орынбасары Алмас Мадиевке мобильдік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

– Ревакцинациялаудан өтуде мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік орган, құқық қорғау органдарының қызметкерлері белсенділік танытпаса, басқалары не болмақ? Мен барлық жиындарда үнемі айтып жүрмін. Біз өзіміз үлгі көрсетіп, өнеге болуымыз керекЖаңадан пайда болған штамм Алматы қаласына келді.Ертең ол бізге де жетеді деген сөз. Ал одан сақтанудың жалғыз жолы – халықты ревакцинациялау. Жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер «Pfizer» вакцинасын алуы тиіс, – деген аймақ басшысы Тараз қаласының және аудан әкімдерінен,білім, құқық қорғау секілді тиісті сала басшыларынан жауап алып, облыс әкімі аппаратына, өзге де жауаптыларға арнайы тапсырма жүктеді.

Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының және өзге де тапсырмалардыңорындалуы үшін жедел әрі жүйелі жұмыс жүргізу керектігін баса айтты.

Бұдан соң жиында «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек»«Мейірім» секілді өңірдежүзеге асып жатқан жобаларға қатысты зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Расул Медетов баяндама жасады.

Өз сөзінде аппарат басшысы жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар халықтың оң бағасына ие болғандығын жеткізіп,  бірқатар кемшіліктер де жоқ еместігін ашып айтты.

Облыс әкімі жауаптыларға барлық жұмыстарды бақылауға алуды тапсырды

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар