дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 5:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Сәуірде Жамбыл облысы 11 елге 22 мың тонна пияз экспорттады

Сәуірде Жамбыл облысы 11 елге 22 мың тонна пияз экспорттады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсеттіі. Сәуірде екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2%-ды құрады. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты, онда тасымалдаушылар етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған

«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген», — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерлерге қатысты ақпарат берген ол алдын ала есеп бойынша елімізде 130 сауда нысаны зардап шеккенін айтты.

«Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге «Көкшетауминсу» мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған», — деді Айжан Бижанова.

Вице-премьер Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Сауда комитеті БҚО мен СҚО-дағы көкөніс қоймаларын су басу және ӘМАТ қорларын жоғалту қаупі тұрғысынан мониторинг жүргізді. БҚО-да «Ел-Ырысы» базарының аумағында тұрақтандыру қорының 293 тонна күріш, 100 тонна қант, 46 тонна күнбағыс майы сақталғаны анықталды. Қойма су басудан қорғалған.

СҚО-да, ӘКК мәліметінше, көкөністердің негізгі қоры сатылды, қалғаны су басу қаупі жоқ қоймаларда сақталады.

«БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс», — деп мәлімдеді вице-премьер.

АШМ мәліметінше, өңірлерде тұрақтандыру қорларынан 77,5 мың тонна (42,8 мың тонна картоп, 11 мың тонна сәбіз, 13,3 мың тонна пияз, 10,3 мың тонна қырыққабат) сатылды. Тағы 84,8 мың тонна көкөніс қалды. Зардап шеккен өңірлерде тамақ өнімдерін жеткізуде іркілістер байқалмайды. Көкөніс қоймаларын, ӘКК қоймаларын су басу туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Жалпы, маусымаралық кезеңнің басталуын ескере отырып, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков әкімдіктер мен ӘКК-нің назарын көкөніс қалдықтарын өткізуді күшейтуге және импорттық және ерте егін жеткізуге шарттарын жасауға аударды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде қоймаларда шамамен 37 мың тонна пияз қалып отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында экспортқа 162 мың тонна, сәуірде 11 елдерге 22 мың тонна жөнелтілді. Су тасқынынан зардап шеккен бес облысқа 241 тонна пияз гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілді.

Бұл көкөністі жылдам сату үшін облыс және аудан орталықтарында әр сенбі сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі, онда төмен бағамен шамамен 10-15 тонна пияз сатылады.

Айта кету керек, Президент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ішкі нарықтағы азық-түлік сұранысы өтелген соң, экспортқа өнім жіберу мәселесін көтерген еді. 

«Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет», - деген еді Мемлекет басшысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар