Жамбыл жаңалықтар
Сақ болыңыз: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қыркүйек, 2025
- 1.7k
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 21 қыркүйекте Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін жетпек.
"21 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!" - делінген хабарламада.






