бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 6:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сапалы білім, шығармашылық, ғылым және өндіріс». ХТУ мамандар дайындау ісін жетілдіруде

«Сапалы білім, шығармашылық, ғылым және өндіріс». ХТУ мамандар дайындау ісін жетілдіруде
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы ЖОО мамандары айтты

Бүгінгі таңда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті – сапалы білім, шығармашылық, ғылым және өндіріс сияқты барлық негізгі бағыттар бойынша жетекші жоғары оқу орны. Университет құрамына кіретін «Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару», «Стандарттау және жобаны басқару» және «Ветеринариялық медицина» мамандықтары кіретін «Стандарттау және ветеринария» кафедрасы бүгінде білім беру жүйесін коммуникацияға және стандарттау саласын жаңа индустрияландыру қажеттіліктеріне бейімдеу мақсатында,  қазіргі уақытта ЖОО жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету кезінде туындайтын сан алуан мәселелерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау бағытында жұмыс істеуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

  • Мамандық таңдау оңай шаруа емес. Бірақ оны шешу маңызды қажеттілік. Әрине, шешім ең оңтайлы болуы керек. Бүгінгі таңда көптеген оқу орындары өздерінің сапалы білім беру қызметтерін ұсынып, талапкерлерге есігін айқара ашып отыр. Белгілі бір оқу орнының білім сапасы туралы керемет жарнамадан сақ болу керек екенін атап өткім келеді. Ешбір жағдайда сауатсыз адамдардың немесе бәсекелес оқу орындарының қауесеттеріне және пікірлеріне сүйенбей, сенімді ақпараттың жиналуын қадағалау қажет,- деді т.ғ.к Кулдана Саржанова

Маманның сөзіне сүйенсек,  2024-2025 оқу жылында  ашылған «Стандарттау және жобаны басқару» білім беру бағдарламасында инновациялық жобаларға тартылған инвестицияның тиімділігін арттыру жолдарымен, бизнес-жоспарларды, желілік графиктерді және стратегиялық жоспарларды әзірлеумен таныстыру секілді жобаны басқару мәселелері, мамандық бойынша басқа курстармен байланыста  қарастырылады.

  • Жобаны басқарудың  дамуы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілген. Үкімет жобаларды жүзеге асыруға  орасан зор инвестиция бөліп отыр. Өткен жылы ғана құны 970 миллиардтан астам теңгені құрайтын 288 жоба пайдалануға енгізілді, бұл шамамен 6 миллиард 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл салада жоғары білікті мамандардың қажеттілігі өте жоғары. Бұл әсіресе  республика масштабында сезіледі, бүгінде жобаны басқару бойынша стандарттау және сертификаттаудың ұлттық жүйесі жоқ. Сондықтан мемлекеттік деңгейде жобаларды әлеуметтік, технологиялық, инновациялық және т.б. деп бөлетін,  «жоба» түсінігін анықтайтын бекітілген жіктеу де жоқ. Жобаны басқару саласы мамандарының санын көбейту үшін, оқу орындары мен өнеркәсіп секторының өзара әрекеттесу деңгейін жақсарту қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда жеке «Жобаны басқару» мамандығы бар екі ғана жоғары оқу орны бар. Қазіргі кезде нарықтық бәсеке және қызметтерге деген сұраныс үнемі өсіп отыр, сондықтан компаниялар жаңа талаптар мен міндеттерге бейімделуге мәжбүр. Жобалық тәсіл – компания ішіндегі жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдерінің бірі . Сондықтан, аталған мамандық кәсіпорынның инвестициялық қызметі саласындағы теориялық және қолданбалы кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру, осы салада басқару шешімдерін қабылдау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жобалау және бағалау, оларды қаржыландыру әдістерін таңдау бойынша практикалық дағдыларды меңгерген мамандарға деген қажеттілікті қамтамасыз ететіні анық,- деді ол.

 

2023 жылы қала сыртында Байзақ ауданында орналасқан «Ветеринария және мал шаруашылығы ғылыми орталығы» пайдалануға берілді. Орталықта «Ветеринариялық медицина» мамандығының 3, 4 және 5 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтетін жаңа заманауи ветеринариялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған «Ветеринариялық клиниканың» жеке ғимараты бар. Емханада бес бөлме бар: «Акушерлік және жасанды ұрықтандыру алаңы», «Клиникалық диагностика және емдеу алаңы», «Зертхана кабинеті», «Операция бөлмесі», «Ветеринариялық дәріхана», сонымен қатар душ, киім ауыстыратын бөлме, дәретхана және т.б.

Сондай-ақ орталықта 200 бас ірі қара мал ұстайтын заманауи жем-шөп цехы бар база жұмыс істейді. Жеке ғимаратта орналасқан, мал аурулары бойынша оқытуға арналған қажетті материалдармен жабдықталған аудиториялар, буфет, демалыс бөлмесі бар.

  • Білім беру жүйесінің өнімділігінің негізгі критерийі – қиындықтарға барабар жауап бере алатын, құзыреттілігі елдің экономикалық және саяси қажеттіліктеріне сәйкес келетін  түлектерді дайындау. Осыған орай, кафедра оқытушылары отандық білім берудің және  халықаралық тәжірибенің озық дәстүрлеріне негізделген икемді, ашық, заманауи талаптарға сай білім беру жүйесін құруда. Кафедрада 14 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде  1 ҚР ҰҒА академигі, 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 3 магистр бар. Кафедра ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен берілген лицензиялар негізінде 2 бағдарлама бойынша мамандар дайындайды, 5 бакалавриат («Стандарттау және сертификаттау», «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау», «Стандарттау және жобаны басқару», «Ветеринариялық санитария», «Ветеринариялық медицина»), 1 магистратура («Стандарттау және сертификаттау») бағытында. Білім беру  бағдарламасының (БББ) және пәндердің мақсаттары мен міндеттері  студенттердің тек білімін, шеберлігін және дағдыларын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар олардың өз әлеуетін, әлеуметтік және жеке құзыреттерін кеңейтуіне, өз бетінше пәндерді, жеке бөлімдерді, тақырыптарды оқу, дипломдық жұмыс жазу барысында өзін-өзі дамыту, өз бетінше сыни тұрғыдан ойлау және білім іздеу дағдыларын, тұлғалық дамуына жағдай жасау,- деді кафедра меңгерушісі Пернекүл Маликтаева.  

Осы орайда кафедраның  профессорлық-оқытушылық құрамы біліктіліктерін,   қолданыстағы инновацияларды, оқытудың әдістері мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады екен.

  • Білім беру курстарының презентацияларын интерактивті тақтаны қолданып өткізу, кафедра оқытушыларымен  сәтті тәжірибеден өтуде. Заманауи оқыту құралдарының кешенін қолдану арқылы оқытудың интерактивті әдістерін енгізу, лекциялық сабақты өткізу формасын  айтарлықтай өзгертеді, студенттердің белсенділігінің артуына байланысты оқу процесінің  тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқытушылардың сапалы жұмысы туралы студенттердің пікірлерін анықтау мақсатында, жыл сайын «Оқытушы студенттер  көзімен» атты сауалнама жүргізіледі. Студенттермен өткізілетін сауалнама нәтижесі студенттердің білім беру бағдарламаларына қанағаттануын, оқытудың тиімділігін, студенттердің оқу үдерісіне қатысты пікірлерін анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жыл сайын университет жұмыспен қамту орталығымен бірге өңіраралық бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, онда жұмыс берушілер студенттер мен түлектерге жұмыстың әртүрлі түрлерін ұсынады. Студенттер мен түлектер кез келген қызмет түрін өз қалауы мен ерекшелігіне қарай таңдай алады. Кафедра  түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуін бақылап отырады. Стандарттау және сертификаттау мамандығын  бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы  100% құрайды. Кафедра ұжымы  студенттерді өз бетінше білім алуға және негізгі бағдарламадан  тыс (оқудан тыс жұмыстар) дамытуға белсенді түрде ынталандырады. Студенттердің шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік және жеке құзыреттіліктері университет, факультеттің және кафедраның қоғамдық өміріне қатысуы арқылы дамиды,- деді кафедра меңгерушісі.

 

Пернекүл Маликтаеваның сөзінше, Оқу жылы ішінде кафедрада дөңгелек үстелдер, семинарлар, жұмыс берушілерді тарта отырып қонақтық дәрістер ұйымдастырылады. Жыл сайын жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күндері» өткізіледі.

  • Студенттер әртүрлі тәжірибе түрлерінен өткен кезеңдерде жұмыс берушілермен кездесулер өткізіледі, онда ұйымдардың жетекші мамандарымен біріге отырып, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен БББ мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, талқыланады. Дарынды студенттердің ғылыми жұмыстарға, бірлескен жобаларға пәндік олимпиадаларға және бұқаралық іс-шараларға  белсенді қатысуына мүмкіндік жасалған. Жыл сайын кафедра студенттері  республикалық  олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға йе болады. 2020-2021 оқу жылында  СС мамандығының студенттері 2-ші орынға, 2021- 2022 және 2022-2023 жылдары ВС студенттері – 2-ші орынға ие болды,- деді маман.

 

Айта кетерлігі, университет серіктес ЖОО жасалған келісімдер негізінде оқытушылар мен студенттерге сыртқы және ішкі ұтқырлық бағдарламасына қатысуға   кең мүмкіндіктер жасалған. Осы оқу жылында И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне академиялық ұтқырлық аясында білім алуға «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 9 студенті  жіберілген.

  • Оқыту тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2022-2023 оқу жылында кафедра оқытушылары т.ғ.к. Ш. Ж. Абдразақұлы және т.ғ.к. Маликтаева жоғарыда аталған  университеттің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері мен магистранттарына,оқу жылының басынан  онлайн  түрінде сабақ кестесі бойынша дәріс беріп,соңынан  офлайн түрде (12 сағат) тестпен емтихан қабылдады. Кездесу барысында халықаралық академиялық ұтқырлық, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және онлайн семинарлар мен онлайн дәрістерді жүргізу мәселелері талқыланып, келісілді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының әрбір оқу жылында, кафедраның даму стратегиясын жүзеге асыруға  қосқан үлесіне кафедра меңгерушісінің тарапынан талдау және бағалау жүргізіліп тұрады. Бұл оқытушылар жұмысының күшті жақтарын анықтауға, сонымен қатар қосымша даму және жақсартуларды талап ететін салаларды анықтауға көмектеседі. Жалпы алғанда, осындай жұмыстардың арқасында «Атамекен» ҚР ҰКП-ң ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтінгісі бойынша «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасын дайындайтын Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті 2021 жылы 21 оқу орындарының ішінде 9-шы орынға, 2023жылы 18 оқу орындарының ішінде 6 орынға ие болды,- деді кафедра меңгерушісі Пернекүл Маликтаева

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар