Жамбыл жаңалықтар
Сарысу ауданында екі тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады
Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 80 және 40 пәтерлі екі тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
- Біз тұрғындардың қуанышына әрдайым ортақпыз! Бүгінгі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ дарысын! - деді аудан әкімі.
Айта кетейік, баспанаға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.
- Жаңа жылды 3 бөлмелі пәтерде қарсы алу бақыт бұйырды. Арманымызды ақиқатқа айналдырған Мемлекет және облыс басшылығына алғыс білдіреміз! - дейді 5 баланың анасы Әсем Айдарбекова.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






