Жамбыл жаңалықтар
Сарысуда пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер алып беруге 3,2 млрд теңге бөлінген
- авторМағжан Орынбасар
- 28 қараша, 2024
- 344
Бұл қаражатқа 268 пәтерді сатып алынбақ
Сарысу ауданында пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер алып беруге 3,2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың сөзінше, Жаңатас қаласында тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж азаматтар есебінде 1 721 адам тіркелген.
- Пәтер кезегінде тұрған азаматтарға 268 пәтерді сатып алып, беру үшін 3,2 млрд тг бөлінді. Жыл басынан 268 пәтердің 98 отбасына пәтер берілсе, жыл соңына дейін тағы 170 отбасына пәтер берілетін болады. 2 ш.а. №32 үйді қайта қалпына келтіруге 656,2 млн. тг. қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Жаңатас қаласында жаңадан соғылатын 80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің жоба құны 1 млрд 886 млн теңгеге облыс әкімдігінің тиісті басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды,- деді әкім.
Сонымен қатар, бүгінгі күні 14 елді мекендегі 39 582 адамды табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
- Аталған жоба бойынша 13 елді мекенге сыртқы және ішкі құбырлары жүргізілді. Үкімет тарапынан қосымша 9,2 млрд. теңге бөлінсе, алдағы жылдары аудан тұрғындарының игілігіне газ беріліп, газбен қамту деңгейі елді мекен саны бойынша 76%-ға, ал халық санымен 94%-ға дейін жететін болады,- деді Сәкен Мамытов.
Келесі мақала
«Рухтастар» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тараздағы митинг». Әкімдік ресми мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында поэзия марафоны өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024