жексенбі, 22 маусым, 2025 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысуда «Әйелдердің саяси көшбасшы мектебі» атты семинар өтуде

Сарысуда «Әйелдердің саяси көшбасшы мектебі» атты семинар өтуде
Фото: Jambylinfo.kz
Аудандық «Коворкинг» орталығында «Әйелдердің саяси көшбасшы мектебі» тақырыбында екі күндік семинар ұйымдастырылып отыр.

Сарысу ауданында әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға және саяси белсенділігін дамытуға бағытталған маңызды шара бастау алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Семинарға Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, Жамбыл облысы бойынша әйелдердің құқықтары жөніндегі уәкілі, облыстық әйелдер күші Альянсының төрағасы Айман Қайназарова, English International компаниясының кәсіби тренері Гүлжан Ибраимова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Тәттігүл Орынтай, «AMANAT» партиясы әйелдер қанаты жетекшісінің кеңесшісі Дамеш Үскүмбаева, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы басшысының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова арнайы қатысты.

Семинар аясында қатысушылар «Өмірлік миссияны анықтау», «Отбасы – ұлттың тірегі», «Көшбасшылық – азаматтың келбеті», «Эмоциялық интеллекті дамыту», «Әйел және саясат», «Әйел көшбасшысының тұтас бейнесі», «Нәтижеге фокус: құнды түпкілікті өнім – тиімді жұмыс істеудің негізгі аспектісі» сынды маңызды тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасты.

Шараның басты мақсаты – әйелдердің саяси сауаттылығын арттыру, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына қолдау көрсету. Семинар барысында қатысушылар мотивациялық тренингтерге қатысып, көшбасшылық пен жеке даму жолындағы жаңа білімдер мен практикалық дағдыларға ие болуда.

Мұндай семинарлар әйелдердің әлеуетін толық ашуға, олардың қоғамдағы ықпалын арттыруға, әрі саяси шешім қабылдауға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар