Жамбыл жаңалықтар
Сарысуда заңсыз берілген жер телімдері анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 тамыз, 2025
- 562
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысында Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтады, , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.
2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді, осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.
Прокуратура органдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жердің пайдаланылуын қадағалауды жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






