сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 22:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шақпақ ауылында жастармен кездесу өтті

Шақпақ ауылында жастармен кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Нашақорлықпен күресу – бүгінгі таңда Қазақстан үшін өзектілігін жоймай отырған күрделі мәселенің бірі. Бұл індет – тек бір елдің ғана емес, бүкіл әлемнің алаңдаушылығын тудырып отырған әлеуметтік қасірет. Қазіргі кезде елімізде нашақорлықтың алдын алу, жастарды қауіп-қатерден сақтау бағытында мемлекет тарапынан да, жергілікті деңгейде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта 2025 жылдың 10 желтоқсаны күні Шақпақ ауылдық округіндегі №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектепте «Нашақорлық – шын қорлық» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге нашақорлықтың зиянын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіптің алдын алу.

Кездесу барысында нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілді қажет ететіндігі ерекше атап өтілді. Есірткі таратудың әлемдік деңгейде өршіп тұрғаны, бұл қатердің Қазақстанды да айналып өтпегені сөз болды. Мемлекет тарапынан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жүйелі саясат жүргізіліп, арнайы бағдарламалар іске асырылып жатқаны туралы мәліметтер берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға қатысушылар қазіргі уақытта қоғам болып бірігіп, осы індеттің алдын алуға күш салу қажет екенін атап өтті. Жастар арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы, кең ауқымды акциялар, дөңгелек үстелдер мен профилактикалық кездесулерді тұрақты өткізу керектігі де айтылды.

Кездесу барысында нашақорлық фактілерін дер кезінде анықтап, тиісті шара қолданудың маңыздылығы, сондай-ақ бұл әрекеттердің жалпы қоғамдағы есірткі таралуын азайтуға әсер ететіні туралы пікірлер ортаға салынды.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Жастар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды зиянды әдеттерден сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау. Шақпақ ауылдық округінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар