жұма, 22 қараша, 2024 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шалғай ауылдар да кең жолақты интернетке қосылуда

Шалғай ауылдар да кең жолақты интернетке қосылуда
ашық дереккөзі
Шалғай ауылдар да кең жолақты интернетке қосылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында осал топтағы отбасылардың балаларын компьютер және сапалы интернетмен қамтамасыз етуді баса айтқаны белгілі. Президент ол үшін жыл соңына дейін 250 тұрғыны бар ауылдардың барлығына ғаламтор жүргізуді тапсырған болатын. Жолдау жүктеген міндет айқын. Бұдан бөлек Президентіміз бұл мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында да қозғағаны есте. – Қазіргідей, күрделі кезеңде мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететіні анық. Сондықтан министрлікке осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, – дей келе Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді міндеттеген еді. Негізінен өз өңіріміздегі шалғай елді мекен тұрмақ, облыс аудандарына жақын деген кейбір ауданнның ауылдарында, тіпті Тараз қаласының өзінде жоғары жылдамдықтты интернет жоқ. Ал шалғай ауылдардағы әр түрлі әлеуметтік нысандарда интернет бар болғанымен, үйме-үйге келгенде бұл мәселеден ұяттымыз. Интернет желісінің сапасы төмен, тіпті кейбір елді мекенде мүлде жоқ екені оқушылар қашықтан білім алу жүйесіне көшіп, ғаламтордың қажеттілігі үйде туындағанда айқын сезілгені белгілі. Қазір жыл аяқталып келеді. Ал облыста Мемлекет басшысы берген тапсырма қай деңгейде орындалуда. Жақында облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев телекоммуникация және халыққа қызмет көрсету саласы басшыларымен кездескенде осы мәселені талқылады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстаық филиалы жергілікті желілері техникалық торабының директоры Болат Кішібаевтың айтуынша, осы жылы аталған акционерлік қоғам арқылы 3 жоба, филиалдың өз қаражаты есебінен желіні дамытудың екі жобасы іске асырылыпты. Облыстың В2G мен В2В клиенттеріне дейін ТОБЖ құрылысы жүргізіліп, В2G клиенттерін қосу үшін WIFI радиомосттары сатып алынған.Тараз қаласындағы 15 шағын ауданында телекоммуникация қызметтерін ұсыну жобасы да іске асырылуда. Ал тартылған инвестиция көлемі – 28, 002 миллион теңге. Оның ішінде талшықты – оптикалық байланыс желілерін тығыздау технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жекеменшік серіктестік жобасы бойынша облыста екі жылдан бері 2 083,272 миллион теңге инвестиция тенге салыныпты. Осылайша кең жолақты интернетке 71 елді мекен және 228 мемлекеттік мекеме қосылған көрінеді. жоғары жылдамдықты интернетке қосылмаған әлі 198 елді мекен бар болса, оның ішінде 60-сының адам саны 250-ге жетпейді екен. Жиында «Транстелеком» АҚ Тараз қалалық «ЖамбылТрансТелеком» филиалының директоры Д.Орманов та баяндама жасады. Ол халық саны 250-ден асатын ауылды елді мекенде «Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың басында «Жамбылтранстелеком» филиалы бойынша 47 елді мекен интернетке қосылғанын айтады. Оның ішінде 194 мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер бар. Филиал биыл В2С сегменті бойынша интернет желісіне 4109 абонент санымен жеке тұлғаларды қосықан. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Филиал «NewTelCom» ЖШС-мен ауылдық елді мекендер бойынша ТВ және интернет қызметтерін ұсынуға инвестициялық жоба жасадған. Бүгінгі күнде оған 12 ауылды елдімекенде 530 абонент қосылған. Келер жылы ауылдық елді мекендегі 10 мыңға дейін абонентті қосу жоспарланып жатса керек. Өз кезегінде ұялы байланыс операторлары да бірқатар елді мекенде жұртшылықты кең жолақты интернетпен қамту жайын жоспарлап отырғандарын айтты. – Өңірде байланыс аясын кеңейту жөнінде жауапты мамандарға арнайы тапсырма берген болатынмын. Интернет кіруі керек деген ауылдар анықталып, ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, істі ширата түсуіміз керек. Әсіресе Қырғыз Республикасымен шектесетін кейбір елді мекендерде байланыс орнатудың қолға алынуы, кезінде ол аймақтарда көрші елдің ұялы байланыс операторларының күші басым болуынан туындады. Сондықтан біздің еліміздің кез келген өңірінде көрші елдердің ұялы байланыс операторларының күші басым болмауы керек. Мұны кезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарында байқап, арнайы тапсырма берген болатын, – дей келе Б.Сапарбаев өңірдің кең жолақты интерпен сапалы қамтамасыз етілуі жөнінде тиісті тараптарға нақты тапсырма берді.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар