сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 5:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шарықтаған қиял жемісі

Шарықтаған қиял жемісі
ашық дереккөзі
Шарықтаған қиял жемісі
  Таразда жазасын өтеушілердің қиялынан туған туындылардың көрмесі өтті Күнделікті ортада өмір сүру мүмкіндігінен қол үзіп, арнайы орындарда жазасын өтеп жүргендердің өз қиялдарының жемісін көріп, туындыларын жұртшылық назарына ұсынуына жағдай жасау маңызды. Аймақтық ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерге өз өнерін шыңдап, ғылыми жұмыспен айналысып, өзіне де, қоғамға да пайдасы зор еңбекпен шұғылдану жолға қойылған. Жуырда сотталғандар арасында ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарының көрмесі – осының дәлелі. Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, шығармашылық шеберлігін шыңдап, өмір жайлы ой-толғамдарын, қоршаған ортаға деген көзқарастарын білдіретін шығармалармен бөлісу. Сотталғандардың қол еңбегі шаһар тұрғындарының назарына ұсынылған көрмені тамашалауға ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінің жеке құрам қызметкерлері де арнайы барды. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері рухани серпіліп, көрмеге саяхат жасау арқылы айрықша әсерге бөленіп қайтты. Жалпы, мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбековтың айтуынша, ҚАЖ қызметкерлерінің тарихи-мәдени орындарда барлық мүмкіндік қарастырылған. Айнұр Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар