Жамбыл жаңалықтар
Шу қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды
- авторjambylinfo.kz
- 7 желтоқсан, 2022
- 378
Шу қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды
Шу қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 3 жылдан 8,2 жылға дейін бас бостандығынан айырылды▫️
📎Ағымдағы жылғы 7 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты. Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен жергілікті 8 тұрғынға қатысты 3 жылдан бастап 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
📎Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр түнгі сағат 01.30 шамасында
Шу қаласындағы вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін тоқтатқан.
🖇Құжаттарды көрсетуді талап еткенде жүргізуші мен көлікте болған белгісіз адам полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастаған.
Сонымен қатар, жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болған.
📌Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз