Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екенін атап өтті.
- Шу қаласында заманауи ангар типтегі жаңа спорт нысанының пайдалануға берілуі – өңіріміздің әлеуметтік дамуы жолындағы нақты нәтижелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі атап өткендей, спортты дамыту, бұқаралық спортты кеңінен қолдау және ұлт саулығын нығайту – ел саясатының маңызды бағыты. Осы міндеттер өңірімізде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгін ашылған жаңа спорт кешені – осы бағыттағы нақты істердің нәтижесі. Аталған нысан қала тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, жас ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттыра түседі деген сенімім мол,- деді Ербол Қарашөкеев.
Аталған жоба “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаржыландыруымен іске асырылған.
Жалпы құны 170 млн теңгеден асатын кешенде футбол, волейбол және баскетболмен жаттығу залы қамтылған.
Айта кетейік, бүгінде облысымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 514 мыңнан асып, тұрғындардың 44,8 пайызын құрап отыр.





