Жамбыл жаңалықтар
Сметов жасы 70-тен асқан алғашқы бапкерін әлі жеңе алмай келеді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қараша, 2024
- 870

Спортшы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов үзілістен кейін жаттығуға қайта оралды. Жаттығу барысында ол алғашқы бапкерімен күресті, деп хабарлады Jambylinfo.kz
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі демалысын аяқтап, татамиде жаттығуын жалғастыруда. Ол алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлдың жаттығу залына барып, жаттығу барысындағы қызықты жекпе-жектен бейнежазба жариялады.
60 келі салмақта өнер көрсететін Сметов өзінің алғашқы бапкерімен спарринг өткізіп, жекпе-жек әдістерін пысықтады. Белгілі бапкер, тәжірибесін көрсетіп, шәкіртін бірнеше рет жеңіп кетті. Спортшы бұл ерекше сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп:
«Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге ұта алмай келемін», – деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025