Сотталғандар спорттық жарыстан сынға түсті
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында спорттық жарыс өтті. Олар шағын футболдан, гір көтеруден, арқан тарту сынды спорт түрінен сынға түсті.
Сотталған азаматтар командаға бөлініп жарыс көркін қыздырды. Ал гір тасын көтеруден М есімді сотталған басқа қатысушыларды басып озды. Арқан тарту аламаны да тартысқа толы болды. Қызықты да тартысты өткен додада «Құлагер» командасы бас жүлде алса, ІІ және ІІІ орындарды өзге командалар бөлісті. Ал шағын футболдан №3 жасақтың футбол құрама командасы қарсыластарын қапы қалдырып, үздік атанды. Жарыс қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен сотталғандар мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала