Жамбыл жаңалықтар
Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2021
- 507
Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
Жазаны орындайтын мекемелердің міндеттерінің бірі - денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Жуырда облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлерінің көмегімен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде
арнайы контингенттер арасында медициналық қарау жұмыстары жүргізілді.
Кезекті рет өткен профилактикалық шара барысында сотталғандарға терапевт, эндокринолог хирург, офтальмолог, невропотолог, оторинолог, стоматолог, уролог және гинеколог сияқты мамандардың тексерілу мүмкіндігі ұсынылды.
- Аталған профилактикалық шара барысында 176 адам тексерілді. Дәрігерлер мекеменің медициналық бөлімінің жұмысына сондай-ақ медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігіне оң пікір білдірді. Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.
М.Сухамбердиева
ЖД-158/5 мекемесінің медбикесі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






