сәрсенбі, 27 қараша, 2024 19:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Спорт пен қызметті тең ұстаған

Спорт пен қызметті тең ұстаған
ашық дереккөзі
Спорт пен қызметті тең ұстаған
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосатын ҚАЖ қызметкерлері спорттан да құр алақан емес. Күндіз-түні қоғамдағы қауіпсіздікті сақтап, тұрғындардың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген олардың арасында бүгінде "Спорт шебері атағына үміткер", "Спорт шебері" тіпті ел чемпиондары да бар. Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментімен оған бағынысты мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері "Динамо" спорт кешенінде жаттығып, өз шеберліктерін арттырады. 2 сағатқа ұласатын жаттығу барысында олар түрлі дене жаттығуларын жасап, артынша футбол, волейбол секілді ойындар арқылы бой сергітеді. Осылайша, жаттығудың әр сәтін тиімді пайдаланатын олардың жұмыс барысында сергек жүруі де сондықтан. ҚАЖ саласының қызметкерлері алдағы уақытта да құқықтық қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік борыштарын абыроймен орындап, халықтың алғысын арқалай береді деген сенім мол!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар