дүйсенбі, 1 шілде, 2024 2:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Студенттер Шу алқабында қылмыскерлер қалай қолға түсетінін көрді

Студенттер Шу алқабында қылмыскерлер қалай қолға түсетінін көрді
Сурет: ПД баспасөз қызметі
Полицейлер студенттер үшін экскурсия ұйымдастырған

Полицейлер Шу ауданының студенттеріне Ауданаралық "Дельта-Долина" есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара Шу аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

2007 жылы құрылған бұл арнайы бөлім Шу алқабынан есірткіні ел аумағына тасымалдау арналарын  және оны сақтау орындарын анықтаумен айналысады. Бөлімнің жұмысы Шу ауданының ғана емес, сонымен қатар Мойынқұм, Қордай, Меркі және  Тұрар Рысқұлов аудандарының аумағын да қамтиды. Мобильдік жедел топтар заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері  студенттерге өз жұмыстары туралы айтып, қызмет барысында  қолданатын арнайы техникаларды, қылмыскерлерді құрықтау операцияларында оларды қалай қолданатынын көрсетті», - деп хабарлайды полиция департаменті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар