«Су қоймалары толып тұр». Жамбылда биыл қуаңшылық болмайтыны айтылды
- авторjambylinfo.kz
- 5 маусым, 2024
- 530
«Қазсушар» РМК аймақтық филиалы биыл Жамбылда қуаңшылық болмайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
“Қазсушар “ РМК Жамбыл филиалының директорының орынбасары Ғалия Зарубаеваның сөзінше, биыл шаруаларға ағын су мәселесіне алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Маман бұл болжамды аптап ыстықтың салдарын ескере отырып айтып отырғанын жеткізді. Өйткені, облыстағы ірі су қоймалары толып тұр.
- Шу және Мойынкум аудандарын ағын сумен қамтамассыз ететін Тасөткел су қоймасы бүгінгі күнге 100 пайызға толған, су тапшылығы болмайды деп жоспарлануда. Теріс –Ашыбұлақ су қоймасы бүгінгі күнге рұқсат етілген көлемінен 93 пайызға толды. Қордай ауданында орналасқан Қарақоңыз және Қақпатас су қоймалары бүгінгі күнге 99 пайызға толды. Аталған су қоймалар транзиттік режимде жұмыс атқаруда. Тасталып жатқан сулары Шу өзеніне қосылуда. Ақкөл көлі бүгінгі кунге 34 пайызға ғана толған, вегетациялық маусымға дейін көлге тиісті көлемде су жиналмайды, кәзіргі таңда көлге су жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қырғыз елінде орналасқан Киров су қоймасы бүгінгі күнге 82 пайызға толған,- деді Ғалия Зарубаева.
Жалпы облыс бойынша биыл 90 000 гектар алқапты 682,0 млн.м³ сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.
- Биыл 60 мың га аумаққа су жеткізу бойынша келісімшартқа отырдық. Әлі 30 мың га аумаққа су жеткізу жоспарлануда. Шаруалардан келісімшарт бойынша өтінім түсіп жатыр,- деді “Қазсушар “ РМК Жамбыл филиалының директорының орынбасары
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024