сенбі, 18 мамыр, 2024 18:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі талқыланды

Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі талқыланды

Таразда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша форум өтті. Форумға департамент қызметкерлері, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы басқармасының өкілдері, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің мамандары, «Benediximus» компаниясы, «Қазақтелеком», «Beeline», «Alma tv»,«I qyzmet», «Astel», «KazGISA» компанияларының өкілдері, «Казфосфат» ЖШС-нің IT мамандары, жобалық басқару және цифрландыру орталығының мамандары, «Орталық диспетчерлік қызмет» мекемесінің қызметкерлері, «Еңбек», «Ақбота» ПИК жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сонымен қатар облыстағы IT мамандары қатысты. Форум барысында пәтер иелерінің кооперативі мен телекоммуникациялық компания байланысы және «Е-ПИК» жобасы, Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін енгізу, «Е-билеттендіру» жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Форум қорытындысы бойынша Тараз қаласының әкімдігіне бірқатар ұсыныстар берілді. Мәселен, Тараз қаласында ПИК құрамына кіретін бір үйде және КСК құрамына кірмейтін бір үйде «Е-ПИК» жобасын пилот ретінде енгізілуін және жүзеге асырылуы, сонымен қатар жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихатталуын ұйымдастыру ұсынылды. Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін жылдам әрі сапалы енгізілуін, жер кадастры туралы цифрландырылған ақпаратты аталған жүйеге енгізілуін, жүйенің мобильді қосымшасын енгізілуін, сонымен қатар Тараз қаласында орналасқан қызыл сызықтарды жүйеге енгізу жайы айтылды. Сондай-ақ, «Е-билеттендіру» жүйесін тұрғындар арасында кеңінен насихатталуын, жол жүру төлемақысын картасыз басқа да төлем жүйелерін қолдана отырып төлеу мәселесін шешуді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру мәселесі қозғалды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар