Жамбыл жаңалықтар
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІМЕН АЙШАБИБІДЕ 300 ОРЫНДЫ МЕКТЕП САЛЫНУДА
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2021
- 253
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІМЕН АЙШАБИБІДЕ 300 ОРЫНДЫ МЕКТЕП САЛЫНУДА
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, Айша бибі ауылында тұрғындардың өтініші бойынша салынып жатқан 300 орынды жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын көрді.
Мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 436 млн 139 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылған білім ордасы келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аймақ басшысы Бердібек Машбекұлының құрылы сапасын бақылауда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін сала басшыларына тапсырды.
Аудан әкімі Сәкен Арубаев Айша бибі ауылында жуырда ғана 382 азаматқа жер телімі берілгенін, ескі мектеп күрделі жөндеуден өткенін және ауыл азаматтарының өтініші негізінде орталық көшедегі жолдың бойына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынып, аяқталғанын тілге тиек етті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз