бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 18:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті
Фото - ашық дереккөз
Кездесуге құзырлы орган өкілдері қатысты

Абай атындағы Тараз қалалық орталық кітапханада жастарға арналған «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Кездесуге Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Қайратқызы Медина, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Ерген Балнұр Мұратқызы, №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Батырбаева Салтанат қатысты.
Сонымен қатар, Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені жастар – елдің ертеңі, ал заңға бағынған ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесін таныстырды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар