жексенбі, 24 қараша, 2024 2:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрік инвесторлары жеміс-жидек дақылдарын өсіру тәжірибесімен бөлісуге ниетті

Түрік инвесторлары жеміс-жидек дақылдарын өсіру тәжірибесімен бөлісуге ниетті
ашық дереккөзі
Түрік инвесторлары жеміс-жидек дақылдарын өсіру тәжірибесімен бөлісуге ниетті
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ниетті түрік инвесторларымен кездесті. Кездесуге «Баш Авлу Тарым» шаруа қожалығының төрағасы Йылмаз Баш, «Еntegre Solar Enerji AS» компаниясының басшысы Дурду Япрак, «EntegreGrupSti» компаниясының негізін қалаушы Юнус Назырлы, Искилип муниципалитетінің басшысы Али Сюлук, «Çağlayan Plast» компаниясының негізін қалаушы Мухаррем Чорумлу қатысты. Түрік инвесторлары қазірдің өзінде кейбір жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Айталық, олардың қатысуымен ағымдағы жылы 161 гектарға қант қызылшасын, 13 гектарға  құлпынай отырғызса, 53 гектарға күнбағыс, 49 гектарға жүгері еккен. Ал, 2022 жылы 600 гектарға дәнді дақыл, 200 гектарға қант қызылшасын, 150 гектарға күнбағыс, 20 гектарға құлпынай отырғызу жоспарлануда. Бұдан бөлек «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-мен жидек өсіру үшін 50 гектар жер беру туралы келісім жасалған. Түрік инвесторлары өсірілетін жидек шикізатын қайта өңдеу ісін де жолға қоймақ.
- Өңіріміздің географиялық, климаттық жағдайлары түрлі дақылдарды, соның ішінде көкөніс және жеміс-жидекті өсіруге мүмкіндік береді. Біз ұзақ жылдар бойы түрік инвесторларымен ынтымақтастықта жұмыс сап келеміз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, - деп атап өтті облыс әкімі.
Искилип муниципалитеттің басшысы Али Сюлюк Бердібек Сапарбаевқа Жамбыл облысында іске асыруға ниетті жобаларын жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында көкөністер мен жемістерді кептіру цехын және пластикті қайта өңдеу зауытын салу, жаңбырлатқыш қондырғылар орнату және ұңғымаларды бұрғылау, тұқым өндіру,  баламалы энергетика салалалары бойынша жобаларды іске асыру мәселелері сараланды. Бердібек Сапарбаев барлық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бюрократиялық рәсімдерге жол бермей, түрік инвесторлары ұсынған жобаларды жүзеге асыру жолдарын уақыт созбай қарастыруды тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар