жексенбі, 24 қараша, 2024 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәртіп пен ЖАЗА

Тәртіп пен ЖАЗА
ашық дереккөзі
Тәртіп пен ЖАЗА
Тәртіп пен ЖАЗА Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде (қауіпсіздігі барынша жоғары) қазіргі таңда барлығы ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстары үшін сотталған 1053 азамат жаза мерзімін өтеуде. Ағымдағы жылы мекемеде ішкі тәртіп ережелерін қасақана қаскөйлікпен бұзған 10 сотталғанға қатысты мекеме түрін қауіпсіздігі толық мекемеге ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданған. Аталған сотталғандармен мекемеге келген күннен бастап кешенді тәрбиелік іс-шаралары жүргізілген, алайда сотталғандар өздеріне қандайда бір нәтиже шығармай, заңнама талаптарын бірнеше рет қасақана бұзған. Мәселен, Тараз қалалық №2 сотының шешімімен 14 жылға сотталған А. есімді азамат, 1 жылға қауіпсіздігі толық мекемесінде әрі-қарай жазасын өтеуге ауыстырылады. Аталған сотталғанның ең бірінші тәртіп бұзуы – ол мекемеде жазасын өтеу барысында тиім салынған заттарды пайдаланған, содан кейін ҚР ҚАК-нің 121 бабына сәйкес екі сағаттық ақысы төленбейтін жұмыстардан бас тартқан, мекеме әкімшілігіне бағынбаушылық танытып балағат сөздер айтып, басқа да мекеме ішкі тәртіп ережелерін бұзған. Еске салсақ, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 96 бабының «Мекеме түрiн өзгерту» 3-1 бөлігіне сәйкес, дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие және осы Кодекстің 130-бабы екінші бөлігінің 1,2,7, 9, 11 және 12 тармақшаларында көзделген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталғандарға қатысты сотқа орташа, барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемеден – олар толық қауіпсіз мекемеге қайдан жiберiлсе, сол қауіпсіздік түрiндегi мекемеде жазаның қалған мерзiмiн өтей отырып, үш жылдан аспайтын мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы ұсыну енгізіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар