Түзеу мекемесінде сотталғандарға құқықтық және әлеуметтік кеңес берілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:07
- 77
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жергілікті атқару органдарының қатысуымен сотталған азаматтарға арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты А. Шаршенбеков шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, сондай-ақ сот шешімімен әкімшілік қадағалау белгіленген сотталған азаматтарға қолданыстағы заң талаптары мен тәртіп ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Тараз қаласының Мансап орталығының мамандары Е. Байұзақов пен Б. Айтқұлов сотталғандарға босатылғаннан кейін көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, олар босатылған азаматтардың үш айлық курстарда стипендиямен оқуға және жұмыспен қамтылуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Тараз қалалық №1 пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Алихан Хасенов пробациялық бақылауда тұрған сотталған азаматтарға қойылатын талаптар мен міндеттерді жан-жақты түсіндірді.






