Түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 19 қыркүйек, 2025
- 556
ҚАЖД №58 түзеу мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында сотталғандарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында сотталғандар арасында суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚАЖ департаментіне қарасты №67, №59 мекемесінің психологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп мекеменің сотталғандарының психоэмоциноналдық жай-күйіне бақылау жасалып, профилактикалық, психодиагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
Сотталғандармен суицидті жағдайлардың алдын-алу мақсатында топтық түрінде сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар кейбір сотталған азаматтармен жеке психологиялық әңгімелесулер мен проективті әдістемелер қолданылды.
Аталған іс-шара сотталған азаматтардың суицидтік әрекеттерін зерттеуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026
Жамбылда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026






