Түзеу мекмесінде "Білім" күніне орай іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қыркүйек, 2025
- 483
2025 жылдың 2 қыркүйегінде ҚАЖД РММ №58 мекемесінде орналасқан жалпы білім беретін кешкі орта мектепте дәстүрлі «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және әлеуметтік қашықтық сақтау ережелеріне сәйкес жүргізілді.
Мерекелік жиынға Жамбыл облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдіктің төрағасы Қуанышев Еркін Тілешович, кешкі мектептің ұстаздар құрамы, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. Олар білімнің адам өміріндегі маңызына, қоғамдағы тәрбиелік рөліне, сондай-ақ жазасын өтеуші азаматтардың білім алу құқығының қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды.
Салтанатты шара барысында кешкі орта мектепте білім алып жүрген сотталған азаматтарға жаңа оқу жылының басталуымен жылы лебіздер айтылып, білімге деген құштарлық пен ізденістің болашақтағы жарқын өмірге жол ашатыны атап өтілді. Қатысушылар білім алу – тұлғаның өзін-өзі дамытуына, қоғамға бейімделуіне және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне зор ықпал ететінін жеткізді.
Жиын соңында мектеп ұжымы мен мекеме қызметкерлері білім алушыларға табыс тілеп, олардың оқу үлгеріміне, тәртібіне және қоғамдық белсенділігіне сенім білдірді. Бұл іс-шара жазасын өтеушілер арасында рухани құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, олардың қоғамға оң көзқараспен қайта бейімделуіне де ықпал ететін тағылымды басқосу болды.
Елімізде үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






