сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 10:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас ауданында табиғат тосын мінез көрсетті

Талас ауданында табиғат тосын мінез көрсетті
ашық дереккөзі
Талас ауданында табиғат тосын мінез көрсетті

Кеше кешкі 18:00 шамасында Талас ауданы Майтөбе ауылына қарама-қарсы беттегі Қаратаудың қары еріп ауылға қарай аққан.

"Ағын судың пайда болу себебі, күннің күрт жылып кетуінен, сонымен қатар жауын-шашынның қатты жауып тұруына байланысты болды. Ағын судың шамамен көлемі 30-40 метр, биіктігі 3-4 см. Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар автомобиль жолының маңынан арық қазу арқылы Билікөл көліне суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органнан 15 адам, 4 жеңіл техника, 1 экскаватор (арнайы техника арықтарды ашып, суды төмендету мақсатында жұмыс істеп жатыр) және аудандық төтенше жағдай бөлімінен 6 адам, 2 техника (1 нива, жедел құтқару тобының 1 УАЗ автокөлігі) жұмылдырылып, жұмыстар жүргізілуде. Ауыл арасында көше араланып, ешқандай үйді су баспағандығы анықталды. Алдағы уақытта қосымша жағдай баяндалатын болады", - делінген хабарламада.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар