сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 19:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразға енді электробустар келеді

Таразға енді электробустар келеді
Коллаж - Jambylinfo.kz
Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Орынбеков айтты

 Таразға заманауи электробустар әкелінеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Орынбековтың сөзінше, жыл соңына дейін қалаға 20 қоғамдық көлік жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар алдағы уақытта экологияға зияны аз электробустар әкелу қарастырылып жатқанын айтты.

-    Біз экологиялық мәселелерді ескере отырып, электробустар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін электроқуаттау станциялары мәселесін шешуіміз керек. Жолаушылар көлігі мәселесін облыс әкімі жеке бақылауында ұстап отыр. Сондықтан міндетті түрде біз бұл бойынша жұмыстарды жалғастырамыз,- деді Тараз қаласының әкімі. 

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың айтуынша, өткен жыл мен биылғы жылдың өзінде автопаркты жаңарту үшін 220-дан аса қоғамдық көлік сатып алынған. Оның 155-і биыл әкелінді. Осылайша әкім «3 жылдық жоспарды 2 жылда орындадық» дейді.

-    Енді бұл бағытта жұмыс тоқтады деген әңгіме емес. Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Бүгінгі келген 20 автобус 13, 23, 44 маршруттарды жаңалауға бағытталады. Мына мәселені айта кетуім керек, Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер 2022 жылы 39 млн  жолаушы тасымалдаса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 45 млн-ға жеткен. Ал, биылдың 10 айында 50 млн тараздық қоғамдық көлікке мінген. Осылайша тасымалданған жолаушылар саны 10 млн-ға өсіп отыр. Бұл қоғамдық көлік қызметінің сапасы мен жолаушының сенімі арты деген сөз,- деді Бақытжан Орынбеков.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар