Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 16 кәсіпкердің банк шоттарын негізсіз тоқтатқан
- авторjambylinfo.kz
- 27 қараша, 2023
- 272
Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 16 кәсіпкердің банк шоттарын негізсіз тоқтатқан
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет салықтық әкімшілендіру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары шектелгенін анықтады.
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 16 кәсіпкердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарғаны анықталды. Алайда мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Салық кодексінде берлгіленген мерзімдерді сақтамаған.
Салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын 30 жұмыс күні өткенге дейін тоқтата тұру туралы өкімдер шығарып, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын шектеген.
Талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп тиісті ұсыныстар енгізу нәтижесінде бұйрықтардың күші жойылып, тәжірибе тоқтатылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда демалыс күндері бірқатар көше жабылады
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Жамбыл жаңалықтар
Жуалы ауданында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 желтоқсан, 2024