Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласының тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити-жазбаны салу кезінде ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 21 желтоқсан, 2021
- 204
Тараз қаласының тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити-жазбаны салу кезінде ұсталды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол облыс орталығының үйлері мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити-жазбалар жазған.
Тексеру барысында күдіктіден заттай айғақтар – қара түсті маркер мен ұялы телефоны табылды.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 299-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
- Құрметті тұрғындар, егер сіз есірткі сайттарын жарнамалау, есірткі заттарын тарату немесе пайдалану сияқты заңсыз әрекеттерді көрсеңіз, "102"-ге немесе тұрғылықты полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, - деп ескертті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі А. Жұмабеков.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз