бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 11:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз» индустриялық аймағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда - Ербол Қарашөкеев

«Тараз» индустриялық аймағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда - Ербол Қарашөкеев
фото - ашық дереккөзден
Осылайша индустриялық аймақта 1 300 жұмыс орны құрылмақ

 «Тараз» индустриялық аймағында 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыс әкімінің сөзінше, «Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 300 жұмыс орны құрылады. Ол үшін 137 млрд теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. 

-    Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл субаймақтарда әрбір аудан ерекшелігіне байланысты орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылатын болады. «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды,- деді Ербол Қарашөкеев. 

Айта кетерлігі, кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30%-ы броньдалған. Аймақ басшысы өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақ мерзімді жалға берілетінін айтты.

-    2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 826,4 млрд. тенгені, тікелей шетел инвестициясы - 86 млн.АҚШ долларын құрап, 144,4 млрд. теңгеге 30 жобаны іске асыру жоспарлануда,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар